6 просмотров
Айдынға аққу-қаз оралды Сағындым сені Жайнады, дүние жаңарды Сағындым сені Жаз өтті, жапырақ тоналды Сағындым сені Ақ қайын ақ мамық оранды Сағындым сені Қайырмасы: Күн батты, таң атты тағы да Ем таппай жаралы жаныма Жолыңа, сенбестен қарайлаймын жолыңа Сен едің ертегі аралы Дертімнің таба алмай амалын Таусылып ішімнен барамын-ау, қарағым Ақ қайын арылды ақ қардан Сағындым сені Сандуғаш сайрады бақтардан Сағындым сені Елесің жоқ болған - тәтті арман Сағындым сені Келесің жаным қай жақтардан Сағындым сені Қайырмасы: Күн батты, таң атты тағы да Ем таппай жаралы жаныма Жолыңа, сенбестен қарайлаймын жолыңа Сен едің ертегі аралы Дертімнің таба алмай амалын Таусылып ішімнен барамын-ау, қарағым