🕌 🇰🇿🌹💚🌹 «Ұмытылмас әндер» Жанболат 💝💚💖 Жазира! 24- Караша. 2018 ж 🌹💚🌹🇰🇿

3 просмотров

О видео «🕌 🇰🇿🌹💚🌹 «Ұмытылмас әндер» Жанболат 💝💚💖 Жазира! 24- Караша. 2018 ж 🌹💚🌹🇰🇿»:

🕌 🇰🇿 🌿🌷☘️ Подписаться на мой "RUTUBE" канал 🌿🌷☘️ 🇰🇿 🕌 https://rutube.ru/channel/36895093/ Әнші Жазира Байырбекова 1978 жылы 30 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы Бөген ауылына қарасты Пақташы атты жерде дүниеге келген. Өзінің де, күйеуі Жанболат Ербатыровтың да отбасында тоғыз ағайынды. Жазира Байырбекованың әпкесі журналист, бірақ бүгінде ән айтып жүр. Бауыры Серік университетте, Аққал Хасенова есімді сіңілі кітапханада жұмыс істейді, сіңілі Ұлдан теміржолда, әпкесі Сәбира аспаз, тағы бір әпкесі Ботагөз тігінші және ағасы Ерболдың жеке кәсібі бар. Бұдан өзге Ләззат есімді әпкесі үлкен сахналарда ән айтса, өзінен кейінгі сіңілі Нәзира төртінші билік қатарында. Айтуларынша, Жанболат Ербатыровтың да бауырлары өнерден құр алақан емес. Ол 1973 жылы Қызылорда облысы Арал қаласында дүниеге келген.  Жазира Байырбекова ес білгелі ән айтып келетінін айтады. Тіпті, мектеп табалдырығын аттамай жатып туған әпкесі Ләззат Байырбекованың сыныбына барып, әр мерекеде қосылып ән шырқайтын болған. Жанболат пен Жазира қалай танысты? Жанболат пен Жазира Алматы қаласында эстрада-цирк колледжінде оқып жүріп танысқан. Ол кезде әнші небәрі 16 жаста болған. Екі жылдан кейін алып қашқан күйеуі ешуақытта "қызым бол, біз жүрейік" деп сөз салмаған. Тек сабақтан шығып кетіп бара жатқанда үнемі қатар жүріп қалатын жағдайлар жиі кездескен екен. Бастапқыда бұл сәйкестік болар деп көп мән бермеген. Жанболат Жазираға жатақханаға екі аялдама қалғанда автобустан түсіп, жаяу жүруді ұсынатын болған екен. "Кешке "Сен кішкентай қызсың ғой. Далаға серуендеп келгің келмей ме? Саған көп нәрсе үйрету керек" деп Жанболат маған ағалық қамқорлығын көрсетіп жүрді. Осылайша екеуіміз бір-бірімізге бауыр басып қалдық. Ешуақытта бас салып, "жігітің болайын" деп айтқан емес. Бауыр бастық, дос болдық, достығымыз шынайы махаббатқа ұласты", — деді Жазира Байырбекова. Көп ұзамай Жанболат Ербатыров сүйіктісін өз туыстарына ескертпей алып қашады. Дәлірек айтсақ, Жазирамен келісіп, екеуі бірге қашып барады. Қос ғашық ол заманда алып қашу дәстүрінің сәнде болғанын, ешкімнің де ұзату той жасамағанын айтады. "Жанболаттай қара жігітті ауылдан таппадың ба?" Жазира Байырбекова әке-шешесінің ерте тұрмысқа шығуына рұқсат бермейтінін біліп, Алматы қаласында тұратын әжесіне бата сұрап барады. Бірақ, әжесіне тек гәстрөлдік сапарға кетіп бара жатқанын айтып алдайды. Ал Жанболат Ербатыров осы уақытта үйге кіруге батпай есіктің алдында күтіп тұрады. Себебі, әншінің айтуынша, оны әжесі оқтаумен қуып шығуы мүмкін болған.  "Аралға артымнан келгендер "Осындай қара жігітті ауылдан таппай қалдың ба?" деп айтты. Неше түрлі күлкілі сөздер болды. Жалпы бұл жағдай Жанболаттың туыстары үшін де жаңалық болды", — деді әнші. Расымен де, Жанболат Ербатыровтың туыстары ол кезде келін түсіруге дайын болмаған. Анасы бастапқыда аң-таң болып, кейін келінінің маңдайынан сүйіп үйге кіргізеді. Әнші қайын жұртының осы сәтте аса қуанбағанын айтады. Сондай-ақ, ол енесінің қатал адам болғанын жеткізді. Көршілері де осылай айтқан-ды. Әнші енесімен неге ренжісті? Бүгінде Жазира Байырбекова сүйіктісінің анасы өзін толықтай өзгерткенін жасырмайды. Алғашқы күннен бастап күйеуіне қарсы сөйлемеуге, үлкен кісілердің бетіне тік қарамауға үйреткен екен. Кейде, тіпті, туыстарына ренжіген Жазира Байырбекова тамақ ішпей отырып қалатын болған. "Ұрысқан кездер болды. Қазір менің сол кездегі қылықтарым ұрысатындай емес деп ойлаймын. Бірақ сондай қиын заман болып кетті. Енем мені заманға сай етіп, сарбаздай ширатқысы келген сияқты", — деді әнші. "Біз базарда тұрып үй тағамдарын саттық. Қант, май секілді азық-түліктер. Аралда басқа жұмыс жоқ. Менің қолымнан келмеген соң, үй шаруасында болдым. Ал ол көзге көрінбейді. Біреудің тапқан нанына ортақтасып отырғандай күй кештім", — деп әнші қиналған күндерін еске алды. Аралда әйелімен және өзінің ата-анасымен бірге тұрып жатқан Жанболат Ербатыров ағасының үйін салуға көмектесу үшін Алматы қаласына кетеді. Кейін араға екі ай салып соңынан Жазира Байырбекова келеді. Бұған әншінің енесімен арада болған кішкене реніші себеп болған. Осылайша Жанболат пен Жазира дуэт құрмас бұрын, шаңырақ көтереді. Әрі қарай олар Айтгүл-Қанат Айтбаевтар, Махмұт-Майра Тойгеновтер секілді сахнада бірге өнер көрсетуді армандайды. Тапқан ақшаларына ән айтуға қажетті құрылғы сатып алып, мейрамханалардың біріне орналасады. Мейрамханада жұмыс істеп жүріп, өнерпаздар 5 мың долларға бір бөлмелі пәтер сатып алады. Кейін Жазира Байырбекова күйеуіне ән жаздыруды ұсынады. Бірақ, ол келіспей үлкенірек үй сатып алғысы келетінін айтады. Жазира Байырбекованың айтуынша, әннің мәтіні өте маңызды. Себебі, әуенін кез келген әнші өзгертіп ала алады, бірақ мәтінді барлығы бірдей жаза бермейді. Отандық бағдарламалардың бірінде ол өзінің сазгерлік қыры бар екенін айтып өткен болатын. Десе де, өзін алдыңғы қатарлы сазгерлердің қатарына қоспайтынын жасырмайды.